Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде 20 градусқа дейін күн жылынады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде республикада жаңбыр, қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Дегенмен ел аймақтарында күн біртіндеп жылынбақ.

Мәселен, Қазақстанның солтүстік жартысында 5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін Түркістан облысында 20 градусқа дейін күн жылынады.

2 желтоқсанда еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы түнде -5 градус аяздан +5 градусқа дейін көтерілсе, күндіз -3 градустан +5 градусқа дейін жылы болмақ.

Маңғыстау облысында сынап бағанасы +10 градусқа дейін көтеріледі.

Сондай-ақ, республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 29 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын, тек елдің батысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болатынын болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944379-aldagy-kunderi-elimizde-kun-20-gradusqa-deiin-zylynady/