Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті қаржы пирамидасының белгілері бар компанияны анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, компания өздерін "Crowd 1" халықаралық желілік ұйым ретінде таныстырып, халыққа виртуалды жер учаскелерін сатып алу бойынша құны мен түрлері әртүрлі "пакеттерге" инвестиция салуды ұсынғаны анықталған.

"Пакеттер" ақ, қара, алтын және титан деп бірнеше түрге бөлінген. Бағасы 99 еуродан басталып, 2 499 еуроға дейін жеткен.

"Осылайша, ұйымдастырушылар адамдарға кепілдендірілген пайда табуға болатынын айтып, уәде берген", - дейді қаржы мониторингі агенттігі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қаржы пирамидасына басшылық еткен ақтөбеліктен соттың үкімімен 70 млн теңге өндірілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944390-elimizde-tagy-bir-qarzy-piramidasy-anyqtaldy/

pixel