Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық полицейлер хайуанаттар салонынан 11,5 келі есірткі тапты (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан кадр: polisia.kz

Елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласында есірткі сатумен айналысты деген күдікпен 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде сатуға дайын есірткі құралдарын тауып, тәркілеген.

Салмағы 11,5 келі есірткінің негізгі партиясы қылмыстық топ ұйымдастырушысының әйеліне тиесілі зоосалонан табылған.

"Есірткіні сақтау орны отбасылық бизнестің оқшаулау орналасқаны үшін ғана таңдалмаған. Тінту болған жағдайда қызметтік иттерді иістен жаңылдыру үшін есірткі сөмкелерін жануарларға арналған жеп-шөптің арасына жасырған", – дейді құзырлы орган өкілдері.

Полицияның мәліметінше, қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы каннабис тобының есірткілерін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен партиялармен алып келіп отырған. Кейін есірткіні сақтап, буып-түйіп, топ мүшелеріне табыстап отырған. Олар өз кезегінде гашишты сатуды жүзеге асырған.

Өткізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде шамамен құны 17 млн теңге болатын 2,5 мың доза гашиш заңсыз айналымнан алынған.

"Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталды. Аталмыш фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша аса ірі мөлшерде жөнелту немесе өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп түйіндеді полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944399-elordalyq-policeiler-xaiuanattar-salonynan-115-keli-keli-esirtki-tapty-video/

pixel