Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 20 жастағы жігіт әжейді қаланың қақ ортасында соққыға жығып, тонап кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Алматыда 20 жастағы жігіт зейнеткерді бірнеше рет ұрып, тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 29 қарашада таңертең Марков пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған.

Полицияның мәліметінше, күдікті мас күйде болған және өзін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, жәбірленушінің жанына жүгіріп келіп, иығынан соққы жасаған.

"Әйел құлаған кезде оны әрі қарай ұрып-соғып, одан кейін қолынан ақшасы мен ұялы телефоны салынған сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен", - дейді Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Ол жәбірленушінің бірден полицияға жүгінгенін жеткізді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті тез арада қолға түсіп, қамауға алынған.

"Ол ұрлық жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың жалпы Алматы қаласында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Іс қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша тергелуде", – дейді Ғалым Қасымбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944400-almatyda-20-zastagy-zigit-azeidi-qalanyn-qaq-ortasynda-soqqyga-zygyp-tonap-ketti/

pixel