Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада көлігімен өзенге түсіп кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Фото
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қызылордада көлігімен өзенге түсіп кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпаратты Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті растап отыр.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға "Рисмаш" аумағында түнгі сағат 03:54 шамасында болған.

Хабарламада Сырдарияға Daewoo Nexia маркалы автокөлік түсіп кеткені көрсетілген.

Сонымен қатар, көліктің ішінде екі адам болғаны хабарланды.

"Біреуі - 1994 жылғы ер адам, өз күшімен жағаға шыққан. Сол жастағы тағы бір азамат көліктің ішінде қалып қойған. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техникамен 5 адам барды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Құтқарушылар сағат 04:20-да суға батқан көлікті іздестіруді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944419-qyzylordada-koligimen-ozenge-tusip-ketken-er-adam-izdestirilip-zatyr/

pixel