Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жол апатынан 6 айлық нәресте көз жұмды

Опубликовано:

Жол көлік
Оқиға орнынан фото: instagram.com/dorogi_karagandy

Қарағандыда екі көліктің соқтығысуы салдарынан алты айлық сәби қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы Майқұдықтағы Карл Маркс пен Лиговская көшелерінің қиылысында болған.

Алты айлық нәресте отырған Volkswagen Golf көлігін 24 жастағы жүргізуші басқарған. Сонымен қатар салонда баланың анасы отырыпты.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, жол апатына Mercedes-Benz E220 көлігінің 21 жастағы жүргізушісі себеп болған.

Жол қиылысында ол бағдаршамның сары түсіне қарамастан өтіп, Volkswagen Golf көлігімен соқтығысқан. Күдікті ер адамның өзі де соққыдан ауыр зардап шекті.

Сонымен қатар, көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы да ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланып жатыр.

"Оқиға 29 қараша күні таңғы сағат 08.20-да болды. 25 жастағы жолаушы мен оның 6 айлық баласы, сондай-ақ бір көліктің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Алты сайлық нәресте алған жарақаттарынан көз жұмды.

Факті полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944426-qaragandyda-zol-apatynan-6-ailyq-nareste-anasynyn-koz-aldynda-qaitys-boldy/

pixel