Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеу бала жақсы адам": Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген ер адамды енесі жақтап шықты

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: piqsels.com

8 тамызда Розовка ауылында болған жанжал кезінде әйелінің үстіне спирттік ішімдік құйып, өртеп жіберген ер адамға қатысты Павлодар облыстық соты үкім шығарды. Соттың шешімімен ер адам сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы жағдайға отбасындағы жанжал себепші болған.

Ішімдік ішіп алып, рөлге отырмақ болған күйеуін әйелі тоқтатыпты. Жанжал кезінде ер адамның тоңазытқыштан алкогольді ішімдікті алып, әйелінің үстіне құйып, оттықты тұтатып жібергені белгілі болды.

Жәбірленушінің №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде 17 тамыз күні көз жұмды.

Біріншіден, қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша тергеліп, жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен қайта дәрежеленіп, шешім шықты.

Сотта күйеу баласын қорғап, өртеніп кеткен әйелдің анасы сөйледі. Ол әлеуметтік желі қолданушыларынан жағымсыз нәрселер жазбауды сұрады.

"Күйеу баламды қудалап, отбасымызға қатысты түрлі жазба жазуларыңызды доғаруды сұраймын. Біз күйеу баламыздың жазасын өтеп, тезірек бостандыққа шығуын қалаймыз, өйткені оның үш қызы бар, олар кішкентай. Ол жақсы адам", – деді марқұмның анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944437-kuieu-bala-zaqsy-adam-pavlodar-oblysynda-aielin-ortep-zibergen-er-adamdy-enesi-zaqtap-syqty/

pixel