Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда өзін полицей ретінде таныстырған бір топ ер адам пәтерлерге баса-көктеп кірген

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Павлодарда үш ер адам іздестіру шараларын жүргіземіз деген сылтаумен тұрғындардың пәтеріне баса-көктеп кірген. Олар азаматтардың қолын қайырып, ұрып-соққан. Артынша ақша ұрлап, ізін суытқан. Үш күдіктінің кінәсі дәлелденіп, колонияға жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ №2 Павлодар қалалық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Іс материалдарында 2021 жылдың сәуір айында арам пиғылды азаматтар іздестіру шараларын жүргіземіз деген сылтаумен павлодарлықтардың үйіне кіргені айтылады. Олар маска тағып, өзін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған. Біріншісінде олар ер адамның 850 мың теңгесін қолды қылған.

Екі күннен кейін басқа мекенжайға аттанған олар екі жәбірленушінің қолын байлап, ұрып-соққан. Ақырында екі жәбірленушіден миилион теңгеден ақша алып кеткен.

Сот алдына үш азамат та келді. Олардың бірі аса ауыр қылмыс туралы хабар бермегені үшін де айыпталды. Оның танысы есірткі сатумен айналысқаны белгілі болды.

Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі ретінде танылды. Оларға әр түрлі жаза бекітілді. Біріншісі 7 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылса, екіншісі 7 жыл екі айға, үшіншісі 7 жылға сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944441-pavlodarda-ozin-policei-retinde-tanystyrgan-bir-top-er-adam-paterlerge-basa-koktep-kirgen/

pixel