Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде көліктің ішінен ер адам мен әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарашаның 28-і күні кешке көліктен ер адам мен әйелдің денесі табылған. Марқұмдардың бір-бірін танығаны белгілі болды. Бұл жағдайға қатысты Ақтөбе облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомсто таратқан ақпаратқа сәйкес, 28 қарашада сағат 17.32-де Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр даңғылындағы гараждардың бірінде ВАЗ-21099 көлігінің салонынан 50 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денелері табылған.

Тәртіп сақшылары марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері табылмағанын мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, екеуі де көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Павлодар қаласында гаражда уланып көз жұмған үш адамның денесі табылғанын жазған едік.

Ерлі-зайыптылар жұмыс орнында болған кезде оларға отбасылық досы келгені белгілі болды.

Барлығы бірге гаражда ішімдік ішкен, суыта бастаған соң Mercedes Benz маркалы автокөлікті іске қосып, ұйықтап қалған.

Олардың мәйіттерін көрші гараждың жалға алушысы тапқан. Содан кейін полиция қызметкерлеріне жағдайды хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944460-aqtobede-koliktin-isinen-er-adam-men-aieldin-denesi-tabyldy/

pixel