Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелден келген блогерлерге 28 миллионнан астам теңге бөлінген: Алматы әкімдігі пікір білдірді

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы әкімдігі шетелдік блогерлердің келуіне кеткен шығынды түсіндірді. Айтулы шараға 28 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде шетелдік блогерлерді мегаполиске шақырып, олардың келуіне қалалық бюджеттен қаржы бөлінгенін айтқан еді. Онда қалаға 40-қа жуық адамның "ат басын бұратыны" хабарланды.

Шығындарды Алматы қаласының әкімдігі түсіндіріп берді.

"Туризм басқармасы 28,6 миллион теңге бөлді. Бұл гонорар емес. Олардың рейс, тұру, тамақтануын қамтитын шығындар. Бір адамға 670 мың теңге. Барлығы 40 блогер шақырылды, оның жартысы - 20-са Алматыға келді. Осы жылдың соңына дейін тағы 20 адам келуі керек. Содан кейін мердігер есеп береді", - деді қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.

Блогерлер келесі талаптар бойынша іріктелген: жазылушылардың саны кемінде 300 мың, сапалы контент және сапалы аудиторияның болуы.

Шақырылғандар арасында туристік блогерлер, халықаралық БАҚ өкілдері, халықаралық авиакомпаниялар және тағы басқалары бар.

Блогерлер Түркия, Румыния, Катар, Оңтүстік Корея сияқты елдерден шақырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944470-setelden-kelgen-blogerlerge-28-millionnan-astam-tenge-bolingen-almaty-akimdigi-pikir-bildirdi/

pixel