Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдіқалықова «Nur Otan» партиясына өткен азаматтарға партия билеттерін табыстады

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен 1 желтоқсанТұңғыш Президент күніне орай «Nur Otan» партиясының қатарына салтанатты қабылдау шарасы өтті.

Аймақ басшысы мерекеге орай құттықтауын жеткізіп, партияның үлкен саяси ұйым екенін атап өтті.

- 1 желтоқсан - «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн – елді егемендікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 1991 жылы халқымыздың ел тізгінін ұстатқан күні.

Ел мен Елбасы ұғымы егіз десек, Тұңғыш Президентіміздің «Nur Otan» партиясының бүгінгі күні ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналуына да еңбегі зор. Ел дамуымен қатар келе жатқан 20 жылдан астам уақытта партиямыз Ұлт Көшбасшысының саясатына берік ұстанымын танытып, Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуын қамтамасыз етуші үлкен саяси ұйымға айналды.

Бүгінгі салтанатты шарада партия қатарына жаңадан қабылданушыларға үлкен жауапкершілік жүктеумен қатар, алдағы жұмыстарды атқаруға мол күш-қуат берері сөзсіз.Қатарымызға жаңадан қосылып жатқан азаматтар партияның сенімді саяси жасағы ретінде, мықты партияның - мықты лидерлеріне айналады деп сенім білдіремін, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Салтанатты шарада облыс әкімі әр салада қызмет етіп жүрген «Nur Otan» партиясының қатарына қабылданушы 10 азаматқа партиялық билетті табыстады.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының мақсаттары мен міндеттерін орындауда белсенділік танытқан 10 партия мүшесі Алғыспен марапатталды.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жиында облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов Тәуелсіздіктің құндылығы туралы сөз сөйлеп, Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Елена Рыбина елдігіміздің мызғымас тұғыры - бірлік пен келісім туралы пікірін білдірді.

Ал, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті журналистика факультетінің 2 курс студенті Жамбыл Бақытәлі «Прагматизм – білім, бәсекеге қабілетті болудың кепілі, Елбасының қандастарға деген қамқорлығы туралы» ойын ортаға салып, жыр шумағымен құттықтауын жеткізді.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Шара соңында Арал ауданындағы келісім кеңесінің төрағасы, Арал ауданының құрметті азаматы Нұралы Оспанов, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, жырау Бидас Рүстембекұлы мен Шиелі ауданы, «Ақмая» шаруа қожалығының басшысы Дәулет Жұмбеков онлайн байланыс арқылы қосылып, Елбасының Аралға деген қамқорлығы, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр және бақуатты өмірдің кілті - еңбек туралы пікірлерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944495-abdiqalyqova-nur-otan-partiyasyna-otken-azamattarga-partiya-biletterin-tabystady/

pixel