Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус пневмониясынан 9 адам көз жұмды

Опубликовано:

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді. Оған қоса, қауіпті дерт салдарынан 9 адам көз жұмған деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

28 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 дерегі мен 9 өлім оқиғасы тіркелді. Оған қоса қауіпті дерттен 19 адам емделіп шықты.

13 наурыздан бастап 82550 адам ауырып, 5149 өлім жағдайы тіркелді. Пневмониядан жазылып шыққандардың саны 73824 жетті.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы тағы 654 адамнан анықталып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944562-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-pnevmoniyasynan-9-adam-koz-zumdy/

pixel