Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Омикрон" штамы: Елде 3 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары енгізіледі

Опубликовано:

шектеу шаралары
Көрнекі фото: spuntiknews.kz

Қазақстан үкіметі әлемде коронавирустың жаңа "омикрон" штамы тарауына байланысты шектеу шараларын енгізеді. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау вице-министрінің сөзінше, "омикрон" штамының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия ағымдағы жылдың 3 желтоқсанынан бастап шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған.

"Бірінші, Боствана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;

Екінші, "омикрон" нұсқасы анықталған елдерден (Израиль, Чехия, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Египет) келетін азаматтар үшін вакцинасы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-тестінің бар болуын енгізу;

Үшінші, "омикрон" анықталған елдерден келген азаматтар ПТР нәтижесіне қарамастан, жеті күнге үй карантиніне оқшаулануға тиіс.

Төртінші, Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру", - деді Шоранов.

Марат Шоранов санитарлық-эпидемиологиялық комитет департаменттері әкімдіктерге елге келген тұлғалар жөнінде ақпарат өткізуі қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, олар аурухана деңгейінде қашықтан бақылауға алынуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944567-elde-3-zeltoqsannan-bastap-covid-19-zana-stamyna-bailanysty-sekteu-engiziledi/

pixel