Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда әскери госпитальде сарбаз көз жұмды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтандағы бас әскери-клиникалық госпитальде 2021 жылдың күзінде әскери қызметке шақырылған әскери қызметші қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2021 жылдың 28 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының Бас әскери-клиникалық госпиталінде аурудың асқынуынан 2003 жылы туған әскери қызметші Сариев Бобир Халматұлы қайтыс болды. Биыл 25 қарашада мерзімді қызметтегі сарбаз ауруханаға жағының астындағы тұста мойнының қабынуына шағымданып келген.

Дене қызуы көтеріліп, инфекциялық-уытты шоктың дамуы белгілері болған", - делінген әскери дәрігерлерге сілтеме жасалған ведомствоның ресми хабарламасында.

Әскери дәрігерлер қажетті емдік, реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізді. Сарбаздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін барлық шараны қабылдады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Сариев 2021 жылдың күзінде Түркістан облысынан Нұр-Сұлтанда орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери бөліміне мерзімді қызметке шақырылды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы Бобир Сариевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944579-nur-sultanda-askeri-gospitalde-sarbaz-koz-zumdy/

pixel