Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жоғалып кеткен ер адам үш айдан кейін табылды

Опубликовано:

Малшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұз қаласының тұрғыны із-түзсіз жоғалған бауырын осы жылдың тамыз айынан бері іздеп жүрген. Ол тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Үш айдан кейін жоғалған ер адамның көрші облыстағы шаруа қожалығында жұмыс істеп жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жедел уәкілдер із-түзсіз жоғалған азаматтың таныстарынан жауап алып, ол баруы мүмкін деген орындарды шолып шықты.  

Жоғалған ер адам жақында Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. Ол "жаңа өмір бастағысы келгенін" және үйге қайту ойында жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен қатар оның телефоны болған, бірақ ер адам туыстарына хабарласқысы келмеген.

Тәртіп сақшылары жоғалып кеткен тағы бір 20 жастағы павлодарлықты Павлодарское ауылынан тапты. 21 қараша күні жігіттің әкесі іздеу салған. Ол 14 қарашада уақытша жұмысқа орналасқаны белгілі болды, бірақ ата-анасына хабарласа алмаған – телефоны бұзылып қалған.

Жыл басынан бері Павлодар облысының 76 тұрғыны "із-түзсіз жоғалғандар" санаты бойынша іздеуде болған, қазір оның 75-і табылды.

Биыл Павлодар облысында үйден кетіп қалған кәмелетке толмағандардың барлығы табылып, отбасына қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944582-pavlodar-oblysynda-zogalyp-ketken-er-adam-us-aidan-keiin-tabyldy/

pixel