Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 8 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы толыққанды вакцина салдырды

Опубликовано:

Зертхана1
Көрнекі фото: piqsels.com

Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы баяндады. Оның айтуынша, стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқан науқастар саны айтарлықтай төмендеген. Инфекциялық төсектер 29%, реанимациялық төсектер 23% толы.

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл аймақта", Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары "сары аймақта" тұр. Қалған өңірлер мен жалпы Қазақстан "жасыл аймақта" орналасқан.

Бүгінгі таңда 8,8 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек адамдардың 76,6%-ы, сондай-ақ 8 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 70,8%-ы екінші компонентін алды.

Шет елдерде коронавирустың "Омикрон" жаңа штамының пайда болуын ескере отырып, Үкімет басшысы мемлекеттік шекарада санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді, ел ішіндегі жағдайды үнемі бақылауда ұстауды, ғимараттар мен көліктерде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау тәжірибесін одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне, әкімдіктерге халықтың ұжымдық иммунитетін қалыптастыру мақсатында вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944605-elimizde-8-millionga-zuyq-adam-koronavirusqa-qarsy-tolyqqandy-vakcina-saldyrdy/

pixel