Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы пирамидасы қазақстандықтарға 103 долларға баспана алып беруге уәде берген

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан кадр: Қаржы мониторингі агенттігі

Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар тұрғын үй кооперативі деген желеумен салымшылардан қаражат тартқан. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствода аталған ұйымның тұрғын үй-құрылыс кооперативі атын жамылған Қазақстан аумағында, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында қаржылық қызмет атқарғанын атап өтті.

Оның мақсаты адамдарға табысына қарамастан баспана сатып алуға көмектесу болды.

"Шаңырақ+" бағдарламасы аясында ипотекалық несиеге балама ұсынып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы азаматтар тартылды.

"Бағдарламаға қатысу үшін 103 доллар (44 мың теңге) салып, жаңа салымшыларды шақыру қажет болды", – деп атап өтті қаржы мониторингі агенттігі.

Серіктестік филиалдарынан баспа өнімдері, буклеттер, компания қызметі туралы ақпарат, келісім-шарттар, тізімдер және салымшылар туралы ақпарат бар брошюралар алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944618-qarzy-piramidasy-qazaqstandyqtarga-103-dollarga-baspana-alyp-beruge-uade-bergen/

pixel