Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғыш қазақ ғарышкері Қызылорда облысының Құрметті азаматы атанды

Опубликовано:

Тоқтар Әубәкіровке Қызылорда облысының Құрметті азаматы атағы берілді
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Тоқтар Әубәкіровке Қызылорда облысының Құрметті азаматы атағы берілді, деп хабарлайды gov.kz.

"Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниев Қызылорда облысының Құрметті азаматы атағын Тоқтар Әубәкіровке, Нариман Қыпшақбаевқа және Мұрат Бақтиярұлына беруді ұсынды. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты қолдады", — деп хабарлады облыс әкімдігі.

Айта кетейік, Тоқтар Әубәкіров - қазақ ұлтының тұңғыш ғарышкері. Қазақстан ӘӘК Генерал-майоры. Қызылорда облысынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, КСРО еңбек сіңірген сынақ ұшқышы.

"Айта кетейік, Қызылорда облысының құрметті тұрғыны атағын беру үшін халық қалаулылары жүз пайыз дауыс берді", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Нариман Қыпшақбаев-Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығының бұрынғы министрі. Мұрат Бақтиярұлы-Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты. Екеуі де Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін көптеген маңызды істер атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944619-tungys-qazaq-garyskeri-qyzylorda-oblysynyn-qurmetti-azamaty-atandy/

pixel