Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда құрылыс алаңында бетоншы биіктен құлап кетті

Опубликовано:

Құрылыс алаңы
Көрнекі фото: Newtimes.kz

29 қараша сағат 15:00-де қаладағы ЖШС бірінің аумағында жөндеу жұмыстарын орындау кезінде 39 жастағы бетоншы құлап кетті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Ол соғылып жатқан нысанның үш метр биіктігінен құлаған. Салдарынан жарақат алған бетоншы ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, 9 қараша күні Көкшетауда құрылыс жұмысары кезінде 55 жастағы жұмысшы 9- қабаттан құлап мерт болды.

Дәл сол күні Алматыда құрылыс алаңында 25 жастағы жігіттің қайтыс болғаны хабарланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің мәліметтері бойынша, 10 айда өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 1197 қызметкер зардап шеккен, олардың 163-і қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944622-pavlodarda-qurylys-alanynda-betonsy-biikten-qulap-ketti/

pixel