Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Интимді қызметтен бас тартқан: Павлодарда массажға барған жігіт полиция шақырды

Опубликовано:

Массаж жасау процедурасы
Көрнекі фото: pxhere.com

Павлодарда массаж салонына барған 25 жастағы жігіт массаж жасаушы қыздан интимді қызмет көрсетуді сұраған. Бойжеткен келіспеген соң қала тұрғыны полиция шақырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, оларға қоңырау 28 қараша күні шамамен таңғы сағат 7- де түскен. Телефон арқылы жігіт массаж салонында өзіне интимді қызмет көрсетілмей жатқанын айтып шағымданған. Айтуынша, ол көшеде жалаңаш тұруға мәжбүр болған.

"Аталған мекенжайға көлік патрулі жіберілді. Салон алдында 25 жастағы жігіт мас күйде тұрды. Оның үстінде киімі болды. Жігіт массаждан кейін "банкеттің жалғасын" талап еткені, ал оған салон қызметкері келіспегені анықталды",- деді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Массаж салонының қызметкерлері клиентті далаға шығарып жіберген. Ашуға булыққан жігіт полиция шақыруға бекінген.

Құқыққорғаушылар павлодарлық жігітті қамауға алған жоқ, тек түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, таксиге отырғызып, үйіне қайтарып жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944638-intim-korsetuden-bas-tartqan-pavlodarda-zigit-massaz-zasausy-qyzga-sagymdandy/

pixel