Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дөңгелекті ауыстыруды кейінге қалдырмау керек": ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

дөңгелек
Көрнекі фото: kolesa.kz

Ішкі істер министрлігі көлік дөңгелектерін ауыстыруды кейінге қалдырмауға кеңес береді, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, қысқы кезеңде жолдардағы көлік қозғалысы ерекше назар аударуды талап етеді. Өйткені қысқы уақыттың өз ережелері мен талаптары бар. Заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Себебі қыс мезгілінде жазғы дөңгелектердің сапасы күрт нашарлайды. Мәселен, жол төсемдерінің беткі қабаты мұз болған кезде немесе қар түскенде дөңгелектердің сырғып кету ықтималдығы артады. Салдарынан жол апаты болуы әбден мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілеріне дөңгелектерді қысқы түріне ауыстыру жөнінде талап қойылады.

Одан бөлек, полицейлер жүргізушілерге қолайсыз ауа райында, қар жауған кезде, қауіпті жағдайлар туындағанда жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жылдамдықты барынша төмендету қажеттігін ескертеді.

"Жүргізушілер алдымен қауіпсіздікке көз жеткізіп алмай, бір қатардан екінші қатарға кілт сап түзеп немесе басқа да маневрлер жасамауы керек. Көлік құралдары арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтау қажеттілігі туралы ұмытпауы шарт", – дейді ІІМ.

Сонымен қатар, ведомство көліктің барлық дөңгелектерін қысқы дөңгелектерге ауыстыру керектігін атап өтті. Бұл дөңгелектер қысқы жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, ІІМ қауіпсіздік үшін ауа райын ескере отырып, көліктегі қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944643-iim-kolik-dongelekterin-auystyrudy-keiinge-qaldyrmauga-kenes-beredi/

pixel