Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санитарлық дәрігер: "Омикрон" штамы коронавирустың бесінші толқынын тудыруы мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова "омикрон" штамы коронавирустың бесінші толқынын тудыруы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бірнеше күннен бері жаңа "омикрон" штамынының анықталғаны туралы ақпарат тарауда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл штамда 32 мутация бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, "омикрон" дельта штамына қарағанда жұқпалырақ, негізінен 20-30 жас аралығындағы адамдарға қауіп төндіреді. Клиникалық белгілері - шаршау, бас ауруы және дене температурасының жоғарылауы", - дейді Қалықова.

Ол қазір клиникалық белгілері мен вакциналардың тиімділігін зерттеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, санитарлық дәрігер "омикрон" штамы тіркелген елдерден келетін жолаушыларда өзімен бірге 72 сағаттың ішінде жасалған ПТР-тесттің нәтижесі болуы керек екенін жеткізді. Бұл ереже тіпті вакцина салғандарға да қатысты. Cонымен қатар, олар ПТР-тест нәтижесіне қарамастан 7 күнге оқшаулануы тиіс.

"Шектеулерге келер болсақ, бәрі жаңа штамм анықталған жағдайдағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ, ондай шешімді Денсаулық сақтау министрлігі қабылдайды және жария етеді. Егер Алматы қаласы бойынша қосымша шаралар енгізу қажет болса, ол енгізіледі, бәрі эпидемиологиялық ахуалға байланысты.

Егер коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейсе, қосымша шектеу шаралар енгізіледі.

Қандай да бір шешім қабылдауға және қорытынды жасауға әлі ерте, бірақ шектеу шараларын елемеу дұрыс емес. Егер қалыпты өмірге оралғымыз келсе, онда вакцинация мен ревакцинациядан өту керек. "Омикрон" коронавирустың бесінші толқынын тудыруы әбден мүмкін", - дейді Әсел Қалықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944660-sanitarlyq-dariger-omikron-stamy-koronavirustyn-besinsi-tolqynyn-tudyruy-mumkin/

pixel