Мысырға тур сатып алған қазақстандықтар не істейді: "Атамекен" ҰКП өкілі жауап берді

Опубликовано:

Мысыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Мысырға жолдама сатып алған туристер не істеуі керек? Бұл сауалға "Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев өзінің Facebook парақшасында жауап берді. Себебі, қазақстандықтар 2022 жылдың наурыз айына дейін Мысырға 20 мыңнан астам тур сатып алып қойған.

Ордабаевтың айтуынша, Мысырға жолдама сатып алған туристердің билет уақытын ауыстырына немесе эпидемиологиялық ахуалы тұрақты басқа елдерге баруына болады.

"Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы денсаулық сақтау министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, мәдениет және спорт минитрлігі, "Туристік Қамқор" қорымен бірлесіп, орнын алмастыра алатын өзге бағыттарды әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, келісілген локацияларға рейс санын арттыру қажет болады. Барлығымыз осы үшін жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Ордабаев.

Еске сала кетсек, коронавирустың "омикрон" штамының таралуына байланысты Қазақстан билігі 3 желтоқсаннан бастап Мысырмен әуе байланысын уақытша шектейді.

Сонымен қатар, Боствана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуіне шектеу қойылады.

Одан бөлек, "омикрон" штамы анықталған елдерден (Израиль, Чехия, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Мысыр) Қазақстанға келетін азаматтар коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанына қарамастан ПТР-тесттен өтуі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944675-qazaqstandyqtar-2022-zyldyn-nauryzyna-deiin-mysyrga-20-mynnan-asa-tur-satyp-alyp-qoigan/