Талғарда 3 оқушыны көлік қағып кетті: Дәрігерлер балалардың жағдайын айтты

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Талғарда жол апатынан зардап шеккен үш оқушы қыздың жағдайы белгілі болды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі қыз ата-анасына тапсырылca, үшіншісі ауруханада жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен оқушы қыздар Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген.

"Мамандар тексергеннен кейін үш қызға да жабық бассүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуы диагнозы қойылған. Арасындағы жасы ең кіші оқушының маңдай тұсына зақым келген. Екі оқушының ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты. Сондықтан олар тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаториялық емдеуге жіберілді, учаскелік дәрігердің бақылауында болады.

Үшінші оқушы қыз тізесіндегі жарақатына байланысты травматологиялық бөлімге жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр", - дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Еске сала кетейік, 29 қарашада Талғарда үш оқушы қызды Volksagen Golf көлігі қағып кеткен болатын. Рөлде 47 жастағы әйел болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944691-talgarda-3-oqusyny-kolik-qagyp-ketti-darigerler-balalardyn-zagdaiyn-aitty/

jitsu gif