Елімізде жалған вакцинация паспортын жасағандарға қандай жаза қолданылады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ішкі істер министрлігі елімізде жалған вакцинация паспортын жасағандарға қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ведомствоның мәліметінше, жалған вакцина паспорттары мен ПТР-анықтамасын дайындау және сатумен айналысатын адамдарды анықтау мақсатында ішкі істер министрлігінің жауапты құрылымдық бөліністері тиісті жұмыстарды үнемі жүргізіп келеді.

Сонымен қатар, жалған құжаттарды сату бойынша берілген хабарландыруларды анықтау үшін интернет желісіне, әлеуметтік желілерге және мессенджерлерге де мониторинг жүргізіледі.

Нәтижесінде елімізде жыл басынан бері барлығы 321 іс тіркелген. Оның ішінде ПТР-тесті қолдан жасау бойынша – 114 факт, вакцина паспорттарын қолдан жасау бойынша 207 факт.

"Бұл құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша жалған құжат жасағандарға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған", - дейді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944699-elimizde-zalgan-vakcinaciya-pasportyn-zasagandarga-qandai-zaza-qoldanylady/