Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Омикрон" штамы: Мысырда жүрген қазақстандықтар арнайы рейспен елге қайтарылады

Опубликовано:

Ұшақ салоны
Көрнекі фото: piqsels.com

"Туристiк Камкор" корпоративтік қоры өзінің Instagram парақшасында Мысырда жүрген қазақстандықтар жақын уақытта үйлеріне қайтарылатынын хабарлады.

3 желтоқсаннан бастап Қазақстан Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады. Бұл шешім коронавирустың "омикрон" штамының таралуымен байланысты қабылданған.

"Қазіргі сәтте Мысырда 4 мыңға жуық турист бар. Олардың барлығы жақын күндері Air Astana әуе компаниясының 23 репатриациялық рейсімен Қазақстанға қайтарылады.

Қазір Мысырда жүрген азаматтардан алаңдамауларын өтінеміз және барлық санитарлық талаптарды сақтауын сұраймыз. Мысырға жаңа жылдық турлар сатып алған туристер бағытын өзгерте алады, әуе байланысы ашылғанға дейін қаражатты депозитке салуға болады немесе қаражатыңызды қайтара аласыз (3 ай ішінде қайтарылады)", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Мысырмен әуе қатынасы неліктен тоқтағанын айтып берген еді.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың 2022 жылдың наурызына дейін Мысырға тур сатып алып қойғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944700-omikron-stamy-mysyrda-zurgen-qazaqstandyqtar-arnaiy-reispen-elge-qaitarylady/

pixel