Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарумен қорқытқан: Талдықорғанда жас жігітті бір жыл бойы бопсалап келген күдікті ұсталды

Опубликовано:

Бопсалаушы
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда тәртіп сақшылары қаруланған бопсалаушыны қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, 11 қарашада Көксу аудандық полиция бөліміне 18 жастағы жігіт таныстарының бірі бопсалап жүргенін айтып, арыз түсірген.

Белгілі болғандай, жас жігіт бір жыл бойы күдіктіге 600 мың теңгеге жуық ақша беріп келген.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша (Бірнеше мәрте бопсалау) тіркеуге алынған.

Осыдан кейін Балпық би ауылында тұратын күдікті 25 қарашада Талдықорғанда қолға түскен. Операцияға арнайы күштік құрылымдардың қызметкерлері тартылған.

Ер адамнан бүктемелі пышақ пен травматикалық тапанша тәркіленген. Қару бойынша сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ, аталмы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша (Қаруды заңсыз алу, сақтау, тасымалдау және өзімен бірге алып жүру) қылмыстық іс қозғалған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті 2020 жылдың қараша айынан осы жылдың қазан айына дейін физикалық күш көрсетумен және қарумен қорқытып, жәбірленушіні онлайн несие алуға мәжбүрлегені анықталды.

Одан бөлек, күдікті зардап шегушіден үш қымбат мобильді телефонын тартып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944717-qarumen-qorqytqan-taldyqorganda-zas-zigitti-bir-zyl-boiy-bopsalap-kelgen-kudikti-ustaldy/

pixel