Жаңа қаулы: "Омикрон" штамы тараған елдерден келген жолаушы 7 күнге оқшауланады
Опубликовано:

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы бойынша 10 мемлекеттен келген жолаушылар 7 күнге оқшауланады, деп хабалайды ҚазАқпарат.
"Осы қаулыға қосымшада көрсетілген елдерден Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдар 7 күнге үйде оқшаулансын (үй карантині). Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманың және CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың бар-жоғына қарамастан жүргізіледі" , - деп жазылған қаулыда.
Аталмыш қосымшадағы тізімде Израиль, Чехия, Нидерланд, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада, Бельгия және Египет мемлекеттері көрсетілген.
Сондай-ақ, құжатта Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін үкіметтік делегациялар мен авиакомпания экипаждарынан басқа адамдардың бәрі термометриядан, сауалнамадан өтетіні айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944735-zana-qauly-omikron-stamy-taragan-elderden-kelgen-zolausy-7-kunge-oqsaulanady/