Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапарынан бейнеролик жарияланды

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцария конфедерациясына ресми сапары туралы қорытынды бейнеролик жарияланды. Видеоны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Женеваға сапар барысында мемлекет басшысы Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ президент дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валоваямен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесулер өткізді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Швейцария арасындағы инвестиция жөніндегі дөңгелек үстел отырысына қатысты», делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944762-toqaevtyn-sveicariyaga-resmi-saparynan-beinerolik-zariyalandy/

pixel