Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы деректер шықты: Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Өткен тәулікте елімізде 751 адамнан коронавирус анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944779-songy-derekter-syqty-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel