Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әйелінен кешірім сұрағысы келген ер адам полицияға ұсталды

Опубликовано:

Гүл
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысының тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін әйелімен татуласу үшін дүкеннен гүл шоғын ұрлап алған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция ақпаратынша, 25 қараша күні Қаратал ауданы Үштөбе қаласынан шағым түскен. Сатушы қоңырау шалып, гүл дүкенінен гүл шоғы ұрланғанын айтады.

Әйел ұрыны есте сақтап қалып, шақырту бойынша келген полицейлерге оны сипаттап берген.

Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ақшасы жетпегендіктен жары үшін осындай қадамға барғанын мойындады.

"Ол әйеліне голландиялық раушан гүлдерді сыйлап, онымен татуласып, кінәсін жуып-шаймақ болған", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полициядағылар хабарлағандай, ұрланған гүлді күдіктінің енесі қайтарған. Ол күйеу баласының бұл қылығына қатты ашуланыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944791-almaty-oblysynda-aielinen-kesirim-suragysy-kelgen-er-adam-policiyaga-ustaldy/

pixel