Қазақстандықтарды желтоқсан айында не күтіп тұр: Отандық астролог болжам жасады

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Танымал отандық астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астролог қыстың алғашқы айында вакцинация мәселесі өзектілігін жоғалтпайтынын жеткізді. Керісінше, халықты коронавирусқа қарсы егуге баса мән беріледі.

Оның сөзінше, айдың екінші жартысында және қаңтардың бірінші онкүндігінде әлем елдерінде локдаун жарияланып, шекара жабылуы ықтимал.

Сонымен қатар азық-түлік бағасы өсіп, тапшылық қолдан жасалады, дейді маман.

Одан бөлек, желтоқсанда банк жүйесінде елеулі проблема болуы мүмкін. Сондықтан қыстың алғашқы айы мен қаңтарда үйіңізде қолма-қол ақша болғаны дұрыс.

Ирина Әбдірайымова мұнай нарығында да, биржада да тұрақсыздық байқалатынын сөз етті.

Ең дұрысы, осы айда ешкімге қарыз бермеу.

"4 желтоқсанда күн тұтылады. Осының әсерінен, әсіресе айдың бірінші онкүндігінде жалған ақпарат көбейеді, бұқара санасын бұрмалау, нағыз ақпараттық соғыс шағы туады. Бұл кезеңде әлемдік аренада да, жеке өмірде де басталатын экономикалық және заң даулары ұзаққа созылуы мүмкін. Жалпы қаржы, ортақ бизнеспен байланысты жаңа істер үшін сәтсіз кезең", - деп ескертті жұлдызнамашы.

Астрологтың болжамынша, желтоқсанда Плутонның ықпалымен кей адамдардың көзқарасы өзгереді, ішкі бір трансформациядан өтеді. Өзгеріске іштей дайын жүрген жандар бұл мерзімді еш шығынсыз өткізеді.

Маман айдың 15-20 аралығында туған Тауешкі, Тоқты, Шаян, Таразыларға тәуекелге бармай, өте мұқият болуға кеңес берді. Ал осы кезеңде өмірге келген Сарышаян, Балық, Торпақ, Бикештер табысқа кенеледі. Десе де, оларға да сақ болған абзал.

Сонымен қатар, желтоқсан айында логика, табандылық, төзімділік, ой қорыту іске қосылады. Барлық ақпаратқа талдау жасап, ой елегінен өткізген жөн, дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944824-qazaqstandyqtardy-zeltoqsan-aiynda-ne-kutip-tur-otandyq-astrolog-bolzam-zasady/