Жауын-шашын, боран, жел: Бүгін ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жол-қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер бүгін, 2 желтоқсан күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың дерегінше, 2 желтоқсаннан бастап Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарына циклон әсер етеді.

Осылайша, аталған аумақтарда жауын-шашын, боран, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.

"4 желтоқсанға жақын, Қара теңіз аудандарынан антициклон шығарылған сайын, жауын-шашынның тоқтауы және түнде ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады: батыста 0-5 аяз, солтүстікте және орталықта 5-15 аяз, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында 0-10 аязға дейін күтіледі" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944838-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

jitsu gif