Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "жасыл" аймақта

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес еліміздің бір өңірі ғана қауіпті аймақта тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2 желтоқсандағы жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 753 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944851-koronavirus-qazaqstannyn-qansa-oniri-zasyl-aimaqta/