Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында өрт болып, салдарынан 34 адам далада қалды (видео)

Опубликовано:

Көрнекі
Видеодан кадр: instagram.com/talgar_akimat

Алматы облысында көпқабатты үйден өрт шығып, қызыл жалын 6 пәтерді шарпыды. Салдарынан 34 адам баспанасыз қалды. Олардың 16-сы бала, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Талғар аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Төңкеріс ауылында орын алып, 8 пәтерлі тұрғын үй өрттенді.

Қызыл жалын пәтерлердің алтауын шарпыған.

Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Белгілі болғандай, тұрғын үйде 34 адам өмір сүрген. Олардың 16-сы балалар. Ал қызыл жалын шарпыған 6 пәтерде 15 ересек пен 15 бала тұрған.

Олар уақытша туыстарының үйіне орналастырылды.

Талғар аудандық әкімдігі қазірдің өзінде үйді қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткенін, құрылыс және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілгенін хабарлады.

Зардап шеккендерге мемлекеттен көмек көрсету мәселесі қарастырылуда. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944853-almaty-oblysynda-ort-bolyp-saldarynan-34-adam-dalada-qaldy-video/

pixel