Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 мыңнан астам сотталушы рақымшылыққа ілінеді: Сенат заң жобасын қабылдады

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: piqsels.com

Сенаторлар "Қазақстан Республикасының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қабылдады. Құжат қол қою үшін мемлекет басшысына жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құжатты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. Ол заң жобасы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленгенін атап өтті.

"Заң жобасы жеңіл және орташа ауыр қылмыстар үшін сотталғандарды жазадан босатуға, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандардың өтелмеген жаза мерзімін қысқартуға бағытталған.

Азаматтардың әлеуметтік осал санатына - ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, қарт азаматтарға, I-II топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін басқа да тұлғаларға ерекше назар аударылады", - деді Тұрғымбаев.

Бұл ретте ол заң жобасының жеке бабында рақымшылық қолданылмайтын қылмыс жасаған адамдар тізімі көрсетілгенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта 80 қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде 34 мыңнан астам адам отыр. Олардың 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуде, 45 пайызға жуығы бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Одан бөлек, 32 мыңдай адам пробациялық қызметте есепте тұр.

Алдын ала есеп бойынша рақымшылыққа 14 мыңнан астам адам ілінеді. Ал түзеу мекемелерінен 1 мыңдай адам шығады, 3,8 мың адам пробациялық қызмет есебінен алынады", - деді министр.

Сондай-ақ 9 мың сотталушының жаза өтеу мерзімі қысқарады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ерлан Тұрғымбаев рақымшылыққа кімдер ілінетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944892-14-mynnan-astam-sottalusy-raqymsylyqqa-ilinedi-senat-zan-zobasyn-qabyldady/

pixel