Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Арон Атабектің өліміне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Арон Атабек
Арон Атабек. Фото: bureau.kz

Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақын Арон Атабектің өліміне қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ҚАЖК төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаевтың хабарлауынша, 2019 жылдан бастап Арон Атабек барлық медициналық қызметтен бас тартқан.

"Ол барлық медициналық қызметтен жазбаша түрде бас тартты. Біз оның арықтап жатқанын көрдік. Туыстарын шақырдық, олар онымен сөйлесті. Қоғамдық бақылау комиссиясы да оның медициналық тексеруден өтуін сұрады", -деді Аюбаев.

Дегенмен ол дәрігерлік құпияға сүйеніп, ақынның нақты қандай аурумен ауырғанын жария етпеді.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен "Медициналық көмек орталығының" дәрігерлері мәлімдеме жасаған еді.

Еске сала кетейік, 24 қарашада ақын Арон Атабектің (Едігеев) қайтыс болғанын қарындасы Рәзия Нұтышева хабарлаған болатын.

Арон Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944900-qylmystyq-atqaru-zuiesi-komiteti-aron-atabektin-olimine-qatysty-pikir-bildirdi/