Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл мектептер мен балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер өткізіле ме

Опубликовано:

Аяз ата
Көрнекі фото: LAURI HEINO/AFP via Getty Images

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сенат отырысында биыл еліміздегі мектептер мен балабақшаларда жаңажылдық іс-шараларға рұқсат берілмейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асхат Аймағамбетовтың хабарлауынша, бәрі еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысына байланысты.

"Ертеңгіліктер мен басқа да іс-шараларға келер болсақ, мектептерде өтпейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімге бағынамыз. Сол себепті мектептерде ертеңгіліктер де, басқа да іс-шаралар өтпейді", - деді министр.

Сонымен бірге, Аймағамбетов бір сынып ішінде мереке өткізу туралы шешімді мектеп әкімшілігі қабылдайтынын хабарлады.

Айта кетейік, коронавирустың "омикрон" штамына байланысты елімізде жаңа шектеу шаралары енгізілді.

Санитар дәрігерлер азаматтарға адамдар көп жиналатын орындарға бармауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944916-biyl-mektepter-men-balabaqsalarda-zana-zyldyq-ertengilikter-otkizile-me/

pixel