Құбырдағы апат: Павлодарда бірқатар тұрғын үй мен нысан сусыз қалды

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: Instagram/ tipavlo

Павлодарда құбыр жүйесінде апат болып, бірқатар тұрғын үй мен ынысан сусыз қалды. Куәгерлер әлеуметтік желіге Сәтбаев – Естай көшелерінің қиылысында су ағып жатқаны түсірілген видео жариялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Павлодар-Водоканал" ЖШС мәліметі бойынша, бүгін таңертең  Ак.Сәтбаев көшесі, 63 ("Экспресс" СҮ) ауданында диаметрі 500 мм құбырда апат болған.

Осыған байланысты келесі мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау болмайды:

- Ак. Сәтбаев көшесі: 35, 37, 47, 43, 55, 57, 59, 63 (ОӘД), 65 ("Экспресс" СҮ), 49 (облыс әкімдігі); - Қайырбаев көшесі: 34, 36; - Жеңіс алаңы бойынша: 3, 3/1, 5, 27; - Ак.Бектұров көшесі, 60 (Қазтелеком); - Астана көшесі бойынша: 119, 125, 127, 129; - Ак. Марғұлан көшесі: 91/3 ,99, 101; - Кривенко көшесі бойынша: 23, 25.

Қазіргі уақытта "Павлодар-Водоканал" ЖШС авариялық бригадасы апатты жою бойынша жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944920-qubyrdagy-apat-pavlodarda-birqatar-turgyn-ui-men-nysan-susyz-qaldy/