Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін банк басшысы ретінде таныстырған алаяқ тұрғындардан 263 млн теңге жинап алып, Ресейге қашып кеткен

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Өзін банк басшысы ретінде таныстырып, қазақстандықтардан 263 млн теңге жинап, Ресейге қашып кеткен алаяқ ұсталды. Ол Санкт-Петербургте қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, 2019 жылы Қарағанды қаласының полиция басқармасына белгілі бір азамат тарапынан алаяқтықтың құрбаны болған қала тұрғындарынан арыз түскен.

Анықталғандай, күдікті өзін банктердің бірінің басшысы ретінде таныстырып, инвестициялық бағдарламаға салым деген желеумен халықтың ақшалай қаражатын тарта бастаған.

Бұл ретте ол соманың 1 пайызын дивиденд ретінде күнделікті төлеуге уәде берген. Көптеген қарағандылыққа мұндай шарттар ақылға қонымды болып көрінген. Олар өз жинақтарын күдіктіге беріп, орнына қаржы мекемесінің директоры қол қойған кепілдік хаттарды алған.

Алдымен жалған банкир "инвесторларға" біраз соманы берген, содан кейін байланысқа шықпаған.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 263 млн теңгені құраған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті анықталған. Ол расымен де банктердің бірінде жұмыс істейтін 31 жастағы ер адам болып шыққан.

Тергеу барысында ол құзырлы орган өкілдерінен қашып үлгерген. Сот күдіктіге қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдап, халықаралық іздеу жариялаған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні Санкт-Петербургтегі (Ресей) криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Ол Ленинград облысындағы изоляторлардың біріне қамалды. Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде", - дейді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944941-ozin-bank-qyzmetkerimen-dep-tanystyrgan-alayaq-turgyndardan-263-mln-tenge-zinap-alyp-reseige-qasyp-ketken/

pixel