Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери институттың 210 курсанты оқу орнынан кетіп қалған: Қорғаныс министрлігі пікір білдірді

Опубликовано:

Курсанттар
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

Алматыда Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант оқу орнынан өз бетінше кетіп қалған. Бұл жайтқа қатысты қорғаныс министрлігі Telegram каналында пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, курсанттар институттан 1 желтоқсан күні кетіп қалған. Дегенмен, олар бүгін, 2 желтоқсанда сабаққа қатысқан.

"Институт бастығы генерал-майор Дулат Адырбеков курсанттардың институтты өз бетімен тастап кетуін кадрлық тағайындаумен келіспеуімен, яғни факультет (курс) бастығының ауысуымен байланысты екенін айтты, сонымен қатар олар бұрынғы басшыны қайтаруды сұрайды деп түсіндірді", - дейді қорғаныс министрлігінен.

Курсанттардың ата-аналарына болған жайт туралы хабар берілген.

"Аталған факті бойынша қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылық етуімен қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізуде", - деп қосты ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944942-askeri-instituttyn-210-kursanty-oqu-ornynan-ketip-qalgan-qorganys-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel