Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық мектептер "омикрон" штамына байланысты онлайн оқу форматына көше ме

Опубликовано:

Мектеп оқушысы
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сенат отырысында қазақстандық мектептер коронавирустың жаңа "омикрон" штамының таралуына байланысты қашықтан оқыту форматына көше ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аймағамбетовтың сөзінше, тиісті шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдайды.

"Қазір бұл жайлы айтуға ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қазір қандай да бір қорытынды шығаруға мәліметтер жеткіліксіз болып тұр", - дейді министр.

Айта кетейік, коронавирустың "омикрон" штамының таралуына байланысты Қазақстан билігі 3 желтоқсаннан бастап Мысырмен әуе байланысын уақытша шектейді.

Сонымен қатар, Боствана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуіне шектеу қойылады.

Одан бөлек, "омикрон" штамы анықталған елдерден (Израиль, Чехия, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Мысыр) Қазақстанға келетін азаматтар коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанына қарамастан ПТР-тесттен өтуі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944946-qazaqstandyq-mektepter-omikron-stamyna-bailanysty-onlain-oquga-kose-me/

pixel