Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш ай ішінде жүрегі мен өкпесін алмастыру қажет": Алматылық арудың анасы қызы үшін жанұшыра көмек сұрауда

Опубликовано:

Диана Райқұлова
Фото: Диана Райқұлованың жеке мұрағатынан

Алматылық 23 жастағы Диана Райқұлова тез арада жүрегі мен өкпесін алмастыру отасын жасатуға зәру. Анасының сөзінше, бой жетіп өскенге дейін денсаулығынан еш кінәрат табылмаған өрімдей қызы осыдан екі жыл бұрын ғана аяқасты ауыр дертке шалдыққан. Қазір Дианаға аяғына тұруға 100 мың доллар қажет, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дианаға еліміздің дәрігерлері төртінші деңгейлі өкпе гипертензиясы диагнозын қойған.

"Қызым екі жылдан бері ауырып келеді. Диагнозын нақты анықтай алмай, өткізіп алыппыз. Бірінші белгісі - қызым мазасызданып, жөтеле берді. Содан ауруханаға барып, рентгенге түсірдік. Оны пневмония, өкпесі 45 пайыз зақымданған деп емдеттік. Туберкулез емханасына дейін барып тексерілдік. Тез шаршап қала берді. Бірақ қан талдаулары таза шығып жатты. Содан антибиотикпен емдеді, көмектеспеді. Қызым үйде бес қадам аттап шаршап қалатынын айтып, шағымданғанда сенбеп едім.

Оған: "Сен өзің қимылдамайсың, көп ұйықтайсың, қан айналымы содан дұрыс емес" деп ұрыстым. Биыл жазда қызымның денесі ісіп шыға келді. Содан артық укол салып жібердік пе деп қорқып кетіп, УДЗ – ға апардым. Онда жүрегі нашар екенін білдік.

Дәрігер бұл кеселдің миллионнан екеуде ғана кездесетінін айтты. Қызымның жағдайы ауыр. Астанадағы кардиология институтына жіберді. Ол жақта он күн ем алдық. Бізді ағза алмастыру бойынша кезекке қойды. Жуық арада жүрегі мен өкпесін алмастыру керек. Ауруды өткізіп алғанбыз", - дейді Диананың анасы.

Диана Райқұлова
Фото: Диана Райқұлованың жеке мұрағатынан

Мая Төлегенова қызына Қазақстанда қойылған диагнозды Үндістан дәрігерлері де растап, оған үш айдың ішінде ота жасату қажеттігін жеткізген. Алайда отаның құнын қалтасы көтермейтінін біліп, анасы мен қызы амалсыз елге қайтып келген.

Диана Райқұлова
Фото: Диана Райқұлованың жеке мұрағатынан

"Кетпеңіздер, үш айдың ішінде донор тауып, органдарын алмастырып береміз деді. Операция 100 мың доллар тұрады. Одан басқа да шығындар бар, сол жақта қалып, бақылауда болуымыз керек екен", - дейді Мая Төлегенова.

Қазір Мая Төлегенова қызының дертіне дауа болар отаға елден көмек сұрап, қаржы жинауда. Бүгінде Диананың еміне 10 миллион теңге жиналған.

"Дегенмен бізге ақша жетпей жатыр. Ендігі керегі 35 миллион теңге. Қызымды аман алып қалуға көмектесіңіздерші", - дейді алматылық келіншек.

Диана Райқұловаға көмек көрсетем деген жандар үшін оның реквизиті:

Kaspi gold: 5169 4971 5557 0835 +7707 168 30 00 Райкулова Мулдир

Halyk bank: 4405 6398 1763 3438 +7707 168 30 00 Райкулова Мулдир

Сбербанк: 4263 4333 3920 2910 +7707 168 30 00 Райкулова Мулдир

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944954-us-ai-isinde-zuregi-men-okpesin-almastyru-qazet-23-zastagy-almatylyq-boizetkennin-anasy-qyzynyn-otasyna-elden-komek-surady/

pixel