Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңында полицей жол ережесін бұзып, нөмірсіз көлік басқарған (видео)

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Талғар тас жолында жол ережесін бұзған полиция формасындағы ер адам видеоға түсіп қалды. Алматы полиция департаменті рөлде тәртіп сақшысы отырғанын растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі құзырлы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жайт туралы куәгерлердің бірі хабарлады. Ол айғақ ретінде видео түсіріп алған.

"МАИ формасында, нөмірсіз жүр. Менен қашты. Талғар тас жолында кептеліс болып тұр. Қарсы бағытта келе жатқан ол мені соғып кете жаздады", - дейді кадр сыртындағы ер адам.

Алматы полиция департаменті ер адамның шағымына қатысты жауап беріп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуға жол берген патрульдік полиция қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

"Сонымен бірге, аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерінің іс-әрекетіне Алматы қаласы полиция департаментінің тәртіптік комиссиясы баға беріп, шара қабылдайды.

Мұндай фактілерге жол беруге болмайтынын айта кеткен жөн. Ішкі істер министрлігі мен полиция департаментінің басшылығы полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты әрқашан қатаң позицияны ұстанады", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944955-almaty-manynda-policei-zol-erezesin-buzyp-nomirsiz-kolik-basqargan-video/

pixel