Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектепте оқитын қызды зорлады деп айыпталған экс-депутат ақталып шықты

Опубликовано:

Аркадий Ни
Аркадий Ни. Фото: aktobeoblmaslihat.kz

Ақтөбеде облыс мәслихатының бұрынғы депутаты Аркадий Ни ақталып шықты. Осыдан тура бір жыл бұрын ол оқушы қызды зорлады деген айыппен қамауға алынған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Өткен жылы тәртіп сақшыларына ақтөбелік келіншек кәмелетке толмаған жасөспірім қызына кәсіпкер зорлық көрсетті деп арызданған еді.

Араға бір жыл салып сот экс-депутатты кінәсіз деп тапты. Оның үстінен арызданған әйелдің бизнесменге жала жаппақ болғаны анықталды, мұны сотталушы келіншек те, оқушы қызы да мойындады, дейді сотта. Әйел осы қылмысы үшін 5 жыл өмірін түрмеде өткізеді.

"Сот отырысы кезінде әйел ақша алу үшін қызына жала жабуды, тергеуге жалған ақпарат беруді, қалай қаралау керегін үйреткенін айтып берді. Сотта кәмелетке толмаған қыз бала да анасының бұл сөзін растады. Н. деген азаматтың зорламағанын, қандай да бір жыныстық әрекетке бармағанын айтты. Сот-медициналық сараптамасы да дәлел болды", - деді Ақтөбе облысы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот төрағасы Әкімғали Молдағалиев.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын Ақтөбеде оқушы қызбен сексуалдық байланыста болды деген күдікпен кәсіпкер ұсталғанын жазған едік.

Көп ұзамай Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты "Nur Otan" партиясынан шығарылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944968-aqtobede-mektepte-oqityn-qyzdy-zorlady-dep-aiyptalgan-eks-deputat-aqtalyp-syqty/

pixel