Алматы маңында ер адам дүкенге қарумен баса-көктеп кіріп, сыра сұраған (видео)

Опубликовано:

Шабуыл
Видеодан кадр: Алматы облыстық ПД

Алматы маңында ер адам аңшылық қарумен сыра сататын дүкен жұмысшыларына шабуыл жасады. Олар қарулы азаматты өздігінше тоқтатып, полиция қызметкерлеріне табыстаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 қараша күні Қарасай аудандық полициясына Алмалыбақ ауылындағы дүкендердің біріне қарулы шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түскен.

Белгілі болғандай, ер адам сыра сататын сауда нүктесіне баса-көктеп кіріп, аңшылық қарумен қоқан-лоқы көрсетіп, алкоголь сұраған. Жұмысшылар оны өз бетінше тоқтатып, артынша полицейлерге табыстаған. Шабуыл жасаған азамат 54 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан.

Ұсталған уақытта қару атылып, қабырғаға тиген. Дегенмен ешкім зардап шекпеген.

"Азамат алкогольді мас күйде болған. Ол осыған дейін сыра сататын дүкенге кіріп, сатушылардың бірімен арадағы жанжалға себепкер болған. Кейін аңшылық қаруды алып келіп, сыра беруді талап етіп, қоқан-лоқы көрсеткен.

Сатушы әңгіме барысында ер адамның қаруын тартып алған. Шабуыл жасаған адамның әрекеті бейнебақылау камераларына түскен, ол қазір қылмыстық іс материалдарына енгізілді", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша тергеліп жатыр. 12 калибрлі аңшылық қаруы тәркіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944985-almaty-manynda-er-adam-dukenge-qarumen-basa-koktep-kirip-syra-suragan-video/

jitsu gif