Алматыда нөмірсіз көлік басқарып, жолдың қарсы бетіне шыққан полицей жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Машина
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Алматы маңында жол ережесін өрескел бұзған полицейге қатысты тың ақпарат пайда болды. Ер адам ішкі істер органдарынан босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы қызметінен босатылды, деп атап өтті ведомство.

Сонымен қатар, оның тікелей басшысы да (взвод командирі) жұмысынан кетті.

Одан бөлек, бөлімшенің тағы екі басшысына тәртіптік жаза қолданылғаны белгілі болды.

"Ішкі істер министрлігі мен полиция департаментінің бұндай факт бойынша ұстанымы принциптті екенін бәрі біледі. Заң бәріне бірдей, оны бұлжытпай орындау керек. Кездейсоқ адамдарға біздің қатарымызда орын жоқ: мұндай заңсыз әрекеттерімен олар ерте ме, кеш пе, өздерін көрсетеді.

Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметке жүрек қалауымен келгендер ішкі істер органдарында қалады", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков

Сонымен қатар, полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған ер адамға қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945023-almatyda-nomirsiz-kolik-basqaryp-zoldyn-qarsy-betine-syqqan-policei-zumystan-quyldy/