Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аттестациядан өтпеген мұғалімдерді жұмыстан шығара ма: Министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: Ақорда

Қазақстанда жаңа ереже бойынша аттестациядан өтпеген мұғалімдерді жұмыстан шығармайды. Бұл туралы білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аттестация ережесі бойынша, педагогикалық шеберлікттің төрт санаты -модератор, сарапшы, зерттеуші немесе шебер бойынша тестілеуден өтіп, эссе жазу керек. Педагог төрт санаттың біреуін растаса, соған қарай қызметтік жалақысына 30-50 пайыздық үстемеақы алады.

Каринованың айтуынша, аттестация педагогтерді жұмыстан шығару процедурасы емес, бұл - олардың ынталандыру механизмі.

"Аттестация педагогтердің біліктілігін және жалақысын көтеру мақсатында өткізіліп тұрады. Жаңа ережеге сәйкес, педагог қызметтік жалақысына 30-50 пайыздық үстемеақы алады. Қазіргі аттестацияны 2018 жылғымен салыстырсақ, дәл осы үстемеақылар жағынан үлкен айырмашылық бар", – дейді білім және ғылым вице-министрі.

Осы орайда Каринова нақты мысалды да келтірді. Мысалы, педагогтың жалақысы 100 мың теңге болса, аттестациядан кейін тағы 50 мың теңгелік үстемеақы алу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, білім және ғылым министрі 12 қараша күнгі бұйрығымен балабақшада, мектепте, колледжде және басқа да білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді аттестациядан өткізу туралы ережеге өзгеріс енгізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945032-attestaciyadan-otpegen-mugalimderdi-zumystan-sygara-ma-ministrlik-pikir-bildirdi/

pixel