Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балам үшін бармаған жерім жоқ": Үш жасар семейлік балақай елімізде тіркелмеген ауруға шалдықты (фото)

Опубликовано:

Алмаз Түсіпбек
Алмаз Түсіпбек: instagram.com/tusupbek_almaz_2018/

Семей қаласының үш жасар тұрғыны Алмаз Түсіпбек елімізде ешкімде кездеспейтін дертке ұшырады. Дүниеге дені сау болып келген балақай Қазақстанда бүгінге дейін тіркелмеген ауруды жұқтырып алған. Қазақстандық дәрігерлер Алмаздың бұдан әрі емделмейтінін айтып, балаға ота жасаудан бас тартып отыр. Ал Израильдің жетекші емханалары Алмазды құтқарып қалуға болатынын айтып, тез арада емдеу керектігін жеткізді. Осы орайда, Алмаздың анасы Айгерім отбасындағы қиын жағдай туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне баяндады.

Анасының айтуынша, Алмаз өмірге келгенде денсаулығында ешқандай ақау болмаған. Барлығы оның бес айында, үйге жақын апайы қонаққа келген соң басталады.

"Ұлымның дені сау болатын. Алмаз бес айға толғанда үйге жақын апайымыз баласымен келді. Міне, бәрі сол кезде ушықты. Апайымыздың баласы өте сирек кездесетін ауру – полиомиелитке қарсы вакцина алған екен. Заң бойынша бұл вакцинаны алған соң бала алпыс күн бойы үйден шықпау керек. Өйткені, бұл өте тез жұғатын вирусты ауру.

Алайда, оны анасы да білмеген, дәрігерлер де мүлде ескертпеген. Вирус менің бес айлық балама бірден жұғып, баламда өзгерістер болабастады. Ал ең сорақысы – мен бұл аурудың полиомиелит екенін білмей екі жылымды жоғалттым. Мәскеуге қан тапсырған соң ғана анықталды. Ал қазақстандық дәрігерлер мұндай аурудың елімізде жоқ екенін, оның тіркелуі мүмкін еместігін айтып, мойындаған жоқ", - дейді Айгерім.

Қазіргі таңда үш жасар семейлік балақай Алмаз Түсіпбек өздігінен жүре алмайды. Оның бір аяғы ішіне қарай қайырылып кеткен. Өте қауіпті вируспен тезірек күреспесе, Алмаздың аяғы жұдырық секілді жиналып қалуы мүмкін. Сол себепті, оған тез арада аяғындағы жүйкені ауыстыру қажет.

"Балам үшін шырылдап, бармаған жерім жоқ. Шетелдегі талай емханаларға жібердім. Израильдік дәрігерлер дереу жауап жіберіп, бұл отаға 50 миллион қажет екенін айтты. Егер осы соманың жартысын төлесем, олар біздің елге сұраныс жіберіп, шекарадан өтуге рұқсат береді. Қазір уақыт бізге қарсы жұмыс істеп жатыр. Отандық дәрігерлер баламның мүгедек болып қалатынын айтып, емдеуден бас тартуда. Мен ұлымды құтқарғым келеді. Бұл менің отбасыма берілген үлкен сынақ. Мұндай ауру Қазақстанда жалғыз менің ұлымда кездесіп отыр", - дейді Айгерім.

Айгерімнің үш баласы бар. Ол ұлттық киімдер тігумен айналысады. Алайда, баласының сырқатына байланысты бар уақыты емге ақша іздеумен өтіп жатыр. Оның үстіне, жақында өзінің анасын көлік қағып кеткен.

"Сынақ жалғыз келмейді екен. Үш жыл бойы ұлымның еміне дауа таппай жүргенде, өз анамды көлік қағып кетті. Бүгінде оған он рет ота жасалды, аяғының жартысын кесіп тастады. Анама да өзім қарайласып жатырмын. Осы орайда, мейірімді жандардан көмек сұраймын. Бүгінге дейін алты миллион теңге жиналды. Ұлымды құтқаруға көмектесіңіздерші... Баламның денсаулығы үшін бәріне дайынмын, тек қолдауларыңыз қажет", - дейді Айгерім.

Алмаз Түсіпбекке көмектесем деушілер үшін реквизиттер төмендегідей:

Kaspi gold: 4400430199776813

ИИН 911103451241

Тел номері: +7 707 424 95 06 Айгерим Ш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945039-balam-usin-barmagan-zerim-zoq-us-zasar-semeilik-balaqai-elimizde-tirkelmegen-auruga-saldyqty-foto/

pixel