Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Абай жолы" атауын беру қарастырылған": Семейде 56 көшенің атауы қазақшаға ауыстырылуы мүмкін

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Семей. Видеодан кадр: КТК арнасы

Семейде ескірген көше атаулары өзгертіледі. Жергілікті билік шаһардағы 56 көшенің атауын қазақшаға ауыстыруды жөн санаған. Мәселен, орталықтағы Морозов атындағы ұзын көшеге Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілетін болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Атауы өзгеретін көшелердің қатарында Тельман, Карл Либкнехт, Безымянная, Волгоградская көшелері бар.

Келешекте оның біріне желтоқсан оқиғасының құрбаны Сәбира Мұхаметжановның есімі берілсе, қалғандарына танымал суретші Мұратбек Жанболатов, академик Мұхтарбек Кәрімов секілді азаматтардың есімі берілмек.

Тағы бір көшеге "Абай жолы" роман-эпопеясының атауын беру қарастырылған. Қазір бұл мәселе тұрақты комиссия мүшелерінің тарапынан бірауыздан қолдау тауып отыр.

Дегенмен әзірге нақты шешім емес. Өйткені көше атауларын жаңалау жөніндегі ұсыныс ономастика комиссиясының талқылауына жіберілген.

"Бұл аталып отырған мәселелердің барлығы – тек қана ұсыныс. Осы мәселелердің барлығы комиссияның шешімімен, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады. Олар өз кезегінде мәселелерді қарап, шешімін тапқан көшелерді, республикалық ономастика комиссиясының қарауына жібереді", – деді Семей қаласы Мәдинет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әйгерім Байжұманова.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945053-abai-zoly-atauyn-beru-qarastyrylgan-semeide-56-kosenin-atauy-qazaqsaga-auystyryluy-mumkin/

pixel